Accessibility links

Иранға қатысты келіссөз бүгін қайта жалғасты


Иран жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сейд Жалили (сол жақта) мен Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.

Иран жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сейд Жалили (сол жақта) мен Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.

Алматыда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер бүгін қайта жалғасты.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңертең келіссөздерге дейін Иран жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалили Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонмен кездескен.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысып жатыр. Келіссөздер 26 ақпанда Алматыдағы Rixos қонақүйінде басталған еді.

Келіссөздердің алғашқы күні ЕО Иранға жаңа ұсыныс жасаған еді. Бүгін Иран тарапы ол ұсынысқа қатысты өз жауабын береді деген болжам бар. Тегеран да бұл кездесуге жаңа ұсыныстар дайындап келгенін білдірді, бірақ ол жайлы ашып айтпады.
XS
SM
MD
LG