Accessibility links

Ақмолада "діни ұйым мүшелері" үстінен іс қозғалды


Ақмола облысында "дәстүрлі емес" діни ұйым өкілдеріне "заңсыз алтын өндірумен айналысты" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды облыстық қаржы полициясы департаментіне сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Департаменттің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, діни ұйымның бірнеше мүшесінің үстінен "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оларға "қылмыстық топ құрып, облыстың Бестөбе елді мекеніндегі кеніштен алтыны бар материалды заңсыз өндіріп, өңдеумен және оны сатумен айналысты" деген айып тағылып отыр.

Қаржы полициясының баспасөз қызметі арнайы операция барысында күдіктілерден алтыны бар материалдарды өңдейтін құрылғылар, құрамында алтыны бар 6 килограмнан астам материал табылғанын" айтады. Полиция діни ұйым мүшелерінен "діни әдебиеттер мен атыс қаруын тәркілеген".

"Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы тұтқындалды. Іс тергеліп жатыр" дейді баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG