Accessibility links

Жалили: Иран мен Батыстың ұсыныстары жақындай түсті


Иран жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалили. Алматы, 27 ақпан 2013 жыл.

Иран жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалили. Алматы, 27 ақпан 2013 жыл.

"Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін реттеуге қатысты Тегеран мен батыс елдерінің ұсыныстары бір-біріне жақындай түсті" деп мәлімдеді бүгін Иран қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалили.

Алматыда бүгін аяқталған келіссөздерден кейінгі брифингте сөйлеген Саид Жалили тараптар келісөздердің келесі кезеңін 5-6 сәуірде тағы да Алматыда өткізетін болып уағдаласқанын жеткізді.

Оның айтуынша, Алматыдағы келіссөздерде осыдан сегіз ай бұрын Мәскеудегі келіссөздерде жасалған ұсыныстарды қалай орындау керектігі талқыланған.

Иран делегациясының басшысы батыс елдері жасаған ұсынысқа қатысты да айтты. Ол "Батыстың бұл жолғы ұсынысында Иранның "Фордо" уран байыту зауыты туралы сөз болған жоқ" деді.

Ал келіссөздерді жүргізген Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон "Иран жағы біз жасаған ұсыныстарды талқылап көруі қажет" деді.

Алматыда өтетін келіссөздердің кезекті кезеңіне дейін, 17-18 наурызда Иран мен алты ел сарапшылары Стамбулда (Түркия) кездеспек.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысады.
XS
SM
MD
LG