Accessibility links

АҚШ-та танымал музыкант Ван Клиберн қайтыс болды


АҚШ пианисі, 1958 жылғы Бірінші халықаралық Чайковский концертінің жеңімпазы Ван Клиберн.
АҚШ пианисі, 1958 жылғы Бірінші халықаралық Чайковский концертінің жеңімпазы Ван Клиберн.
Әйгілі пианист, "қырғи-қабақ соғыс" кезеңінің музыканты Ван Клиберн 78 жасында АҚШ-тың Техас штатындағы үйінде қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы сүйек қатерлі ісігімен ауырған.

Клиберннің даңқы 23 жасында (1958 жылы - СССР әлемде бірінші болып жасанды спутник ұшырып, ғарыш саласында АҚШ-ты басып озған соң) Мәскеуде өткен Чайковский атындағы тұңғыш халықаралық конкурстың жеңімпазы атанғанда жайылды. Клиберн конкурстың ақтық сәтінде шығармасын орындаған соң залдағы көрермендер сегіз минут бойы оған құрмет көрсетіп, қол шапалақтап тұрды.

1958 жылы советтік дирижер Кирилл Кондрашиннің жетекшілігімен Клиберннің орындауындағы "Фортепианоға арналған тұңғыш Чайковский концертінің жазбасы" басылып шықты. Бұл тарихта "классикалық музыканың тұңғыш платина альбомы" деген атпан қалды.
XS
SM
MD
LG