Accessibility links

АҚШ Орталық Азиядағы исламшыл содырлар туралы айтты


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Роберт Блэйк.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Роберт Блэйк.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісі Роберт Блэйк Орталық Азия елдеріне исламшыл содырлардан тікелей қауіп төніп тұрмағанын айтты. Бірақ, оның айтуынша, "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымы аймақта өз ықпалын кеңейту стратегиясы аясында Орталық Азияға орнығып қалуды қарастырып жатыр.

Конгрестің сыртқы істер комитеті алдында есеп берген Блэйк "Орталық Азия мемлекеттері радикализмге бастайтын және АҚШ-тың аймақтағы мүддесіне қауіп төндіретін проблемаларға тап болып отыр" деді.

Оның айтуынша, АҚШ терроризм сияқты трансшекаралық проблемаларды шешуге аймақ елдерінің үкіметтеріне көмектесіп жатыр.

Бірақ ол "Вашингтонның аймақ елдері жетекшілерін демократия орнату және адам құқықтары саласында реформалар жасауға көндіріп бағатынын" да ескертті.
XS
SM
MD
LG