Accessibility links

Ресейде шұжықтан жылқы еті табылды


IKEA-ның құрамынан жылқы еті табылған тамағы. Чехия, 25 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
IKEA-ның құрамынан жылқы еті табылған тамағы. Чехия, 25 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейлік "Роспотребнадзор" өкілінің хабарлауынша, жылқы етінің ДНҚ-сы Мәскеуге Австриядан әкелінді деген шұжық пен ет өнімдерінен табылған.

Ал Нидерландының ірі жиһаз компаниясы IKEA Еуропаның бес еліндегі Швецияда өндірілген Вена шұжықтарын құрамында жылқы еті бары белгілі болған соң мейрамханаларынан алып тастады. Мұның алдында компания тефтель тағамын сатылымнан алып тастаған еді.

Бұл өнімдер компанияның Франция, Испания, Ұлыбритания, Ирландия және Португалиядағы фирмалық жиһаз дүкендерінде "шошқа еті мен сиыр етінен жасалған" деп сатылған еді. Дүйсенбіде компания 24 мемлекетте бұл тағамды сатуды доғарды.

Еуропада жылқы етіне қатысты шу қаңтарда басталған еді. Даудан соң Еуропаның бірқатар мемлекеті ет өнімдерін тексере бастаған.
XS
SM
MD
LG