Accessibility links

Рим папасы қызметінен кетті


Рим папасы ХVІ Бенедикт Кастель-Гандольфодағы жазғы сарайында. Рим, 28 ақпан 2013 жыл.
Рим папасы ХVІ Бенедикт Кастель-Гандольфодағы жазғы сарайында. Рим, 28 ақпан 2013 жыл.
Рим папасы ХVІ Бенедикт бейсенбіде ресми түрде қызметінен кетті. Сегіз жылға жуық уақыт папа тағында отырған ол тікұшақпен Ватиканнан Римнің маңындағы Кастель-Гандольфодағы папалардың жазғы сарайына аттанды.

85 жастағы понтифик "денсаулығына байланысты" қызметінен кететіні туралы 11 ақпанда жария еткен еді. Ол 600 жыл ішінде қызметінен "денсаулығына байланысты" бас тартқан алғашқы папа болып отыр. Осы айда жаңа папа сайланғанға дейін папа міндетін Бенедиктің орынбасары, кардинал Тарчизио Бертоне атқарады.

Кардиналдармен қоштасу жиынында Бенедикт өзінің ізбасарына "толықтай бағынатынын" айтты. Ол кардиналдарды жаңа папа сайлауда ауызбіршілік танытуға шақырды.

Дүниежүзінде шамамен 1 миллиард 200 миллион адам католик дінін ұстанады.
XS
SM
MD
LG