Accessibility links

АҚШ Сирия оппозициясына көмек көрсетпек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Сирия ұлттық оппозициялық коалициясының жетекшісі Муаз әл-Хатиб. Рим, 28 ақпан 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Сирия ұлттық оппозициялық коалициясының жетекшісі Муаз әл-Хатиб. Рим, 28 ақпан 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтонның сириялық көтерілісшілерге көмек көрсетуге ниетті екенін мәлімдеді. Ол жәрдем азық-түлік және дәрі-дәрмек түрінде берілмек.

Римде "Сирия достары" тобының жиыны аяқталған соң сөйлеген Джон Керри АҚШ Сирияның азаматтық оппозициясына 60 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек беретінін де айтты.

Италиядағы келіссөздерге Сирия ұлттық оппозициялық коалициясының жетекшілері, Сирия оппозициясына қолдау көрсететін Еуропа және араб елдерінің өкілдері қатысты.

Керри Вашингтонның Башар Асадқа осылай қысым көрсетіп, елдің демократияға өтуіне жағдай жасауды көздеп отырғанын айтты. Ол "Башар Асадтың уақыты таяды, ол биліктен кетуі керек" деп мәлімдеген.

Жиын барысында Джон Керри Сирия ұлттық оппозициялық коалициясының басшысы Муаз әл-Хатибпен кездесті.
XS
SM
MD
LG