Accessibility links

Иракта жарылыстардан 22 адам құрбан болды


Ирак картасы. (Көрнекі сурет).

Ирак картасы. (Көрнекі сурет).

Ирак астанасы Бағдадтың маңындағы шииттер тұратын ауданда бейсенбіде бірнеше жарылыс болып, 22 адам қаза тапты. Ондаған адам жараланды.

Ресми орындардың хабарлауынша, Бағдадтың солтүстік-батысындағы Шула ауданында мейрамхана мен футбол алаңы маңында екі бомба жарылып, одан 15 адам жараланған.

Басқа жарылыстар Бағдадтан оңтүстікке қарай орналасқан шағын қалалар - Азизия, Махмудия және Шурта әл-Рабияда болды. Шабуылдарды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Бүгін мыңдаған сүнниттер Ирак премьер-министрі Нури әл-Маликиге қарсы акция өткізуді жоспарлап отыр.

Сүнниттер бойы шииттер басқаратын үкімет бізді кемсітіп отыр деп, екі айдан бері наразылық танытып келеді.
XS
SM
MD
LG