Accessibility links

Атырау облысында 6 діни бірлестік жабылды


Атырау облыстық орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Еркебұлан Қарақұлов.13 маусым 2011 жыл.
Атырау облыстық орталық "Иманғали" мешітінің наиб имамы Еркебұлан Қарақұлов.13 маусым 2011 жыл.
Атырау облыстық дін істері жөніндегі департаментінің бас маманы Нұралы Қайранбаевтың айтуынша, былтыр діни бірлестіктерді қайта тіркеу кезінде алты мешіт жабылған.

- Атырау облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мәліметі бойынша, 1300 адам дәстүрлі емес діни көзқарасты, соның шінде салафизм мен уаххабизм бағыттарын ұстанады, - деді Қайранбаев.

Нұралы Қайранбаев қазір аймақта 39 діни бірлестік қызмет ететінін айтты.

Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Еркебұлан Қарақұловтың айтуынша, жалпы алғанда облыстағы діни ахуал "тұрақтаған". "Теріс ағымда жүрген 27 адам ханафи мәзхабын қабылдады" дейді ол.

Еркебұлан Қарақұловтың пікірінше, облыстағы "теріс ағымдар шетелден қаржы алады және ол қаражат ресми діни орталықтарға қарсы жұмыс істеуге бағытталады".
XS
SM
MD
LG