Accessibility links

Тәжікстан ДСҰ-ға мүше болып енді


Суретте алдыңғы қатарда: Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Лами. 10 желтоқсан 2012 ж.
Суретте алдыңғы қатарда: Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) мен ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Лами. 10 желтоқсан 2012 ж.
Бүгіннен бастап Тәжікстан мемлекеті ресми түрде дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.

Халықаралық ұйымға мүше болу туралы өтінішін Душанбе 2001 жылы мамырда берген. Соңғы 12 жылдың көлемінде ДСҰ-ға мүше елдермен сыртқы сауда, инвестиция және кедендік баж алымына қатысты келіссөздер жүргізілді.

Тәжікстанның ДСҰ-на мүше болатыны туралы былтыр 10 желтоқсанда ел президенті Эмомали Рахмон мен ДСҰ-ның бас директоры Паскаль Лами қол қойған хаттаманы тәжік парламенті биыл қаңтардың 9-ында бекіткен еді.

Тәжікстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып қабылданған 159-шы мемлекет. Бұған дейін бұрынғы советтік елдерден алғаш болып 1998 жылы Қырғызстан, одан кейін Латвия (1999), Эстония (1999), Грузия (2000), Литва (2001), Молдова (2001), Армения (2003), Украина (2008) және Ресей (2012) ДСҰ-на мүшелікке қабылданды.

1995 жылы құрылған дүниежүзілік сауда ұйымы мемлекеттер арасындағы сауда және тарифтік келісімдерді халықаралық деңгейде реттейді.
XS
SM
MD
LG