Accessibility links

Ұлыбритания патшайымы ауруханаға түсті


Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета.
Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета.
Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета гастроэнтерит симптомымен ауруханаға түсті. Италия президенті әкімшілігінің ақпаратына қарағанда, 86 жастағы патшайым осы елге жоспарлаған сапарынан денсаулығына байланысты бас тартқан.

Өткен жылы таққа отырғанына 60 жыл толғанын атап өткен ІІ Елизавета Италия президенті Джорджио Наполитаноның шақыруымен 6 наурызда сол елге баруы тиіс болған.

Наурыздың басында ІІ Елизавета Уэльске сапарын да кейінге қалдырған. Букингем сарайы оның себебі патшайымның асқазаны ауыратындығынан деп түсіндірген. Ұлыбританияның Италиядағы елшісі Кристофер Прентис патшайымға медициналық тексеруден өту қажет болғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG