Accessibility links

Чехия парламенті президентке импичментті қолдады


Чехия президенті Вацлав Клаус.

Чехия президенті Вацлав Клаус.

Чехия парламентінің жоғарғы палатасы президент Вацлав Клаусқа "мемлекетке сатқындық жасады" деп импичмент жариялау туралы ұсынысты қолдады. Көпшілік орынды солшылдар иеленген сенат конституциялық сотқа сұрау салып, президенттің қаңтарда жариялаған рақымшылығының конституцияға сай, я сай еместігін анықтап беруді талап еткен.

Сенаторлар бұған қоса президенттің бірқатар заңдарға қол қоюы мен судьяларды жаңадан тағайындауының заңдылығына күмәнданады. Импичментті 81 депутаттың 38-і қолдап, 30-ы қарсы дауыс берген.

Президенттің өкілеттік мерзімі 7 наурызда аяқталады. Егер кінәсі анықталатын болса, оған айыппұл салынып, мемлекеттік қызметпен айналысуына шектеу қойылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG