Accessibility links

Алматыда газ баллоны жарылып, 6 адам мерт болды


Газ құбыры. Алматы облысы, Қарасай ауданы. (Көрнекі сурет).

Газ құбыры. Алматы облысы, Қарасай ауданы. (Көрнекі сурет).

"Алматының Түрксіб ауданында газ баллоны жарылып, алты адам қаза тапты" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Оқиға Сүйінбай даңғылының бойындағы құрылыс жүріп жатқан аумақта болған. Жұмысшылар тұрып жатқан 40 тонналық контейнерде тұрған газ баллоны жарылып, өрт тұтанған. Екі адам газдан уланып, ауруханаға түскен.

Өрт 25 шаршы метрді қамтыған. Апат себептері анықталып жатыр.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша, 2011 және 2012 жылдарда 23 адам газ баллоны жарылысының құрбанына айналған.
XS
SM
MD
LG