Accessibility links

Қытай: Биыл экономикалық өсім 7,5 пайыз болады


Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао.
Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао.
Қытай биыл экономикалық өсімді 7,5 пайызға жеткізіп, тұрақтылық орнатуды көздеп отыр. Бұл жайында таяуда қызметінен кететін премьер-министр Вэнь Цзябао ел парламенті - Бүкілқытайлық халық өкілдері съезінің ашылуында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

Үш мыңға тарта халық делегаттарының алдында үкіметтің жоспарлары мен бағдарламалары туралы баяндама жасаған Цзябао үкіметтің "әлеуметтік бағдарламаларға назар аударатынын" айтып, сыбайлас жемқорлық пен экологияның ластануы сияқты проблемалармен күресті күшейтетінін мәлімдеді.

Премьер бұған қоса биыл Қытайдың қорғаныс саласына бөлінетін қаржының 10,7 пайызға (119 миллиард АҚШ доллары) көбейетінін де хабарлады.

Парламент енді үкімет бағдарламасы мен ел бюджетін бекітіп, съездің соңғы күні - 17 наурызда елдің жаңа басшыларын бекітеді. Ол бойынша, мемлекеттік кеңестің вице-премьері Ли Кэцянь Вэнь Цзябаоның орнына келеді, ал коммунистік партия жетекшісі Си Цзиньпин Ху Цзинтаоның орнына Қытай басшысы болады.
XS
SM
MD
LG