Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция жетекшілерін босатуды талап етті


"Ата Жұрт" партиясының жетекшілері - Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов сот залында отыр. Бішкек, 25 қаңтар 2013 жыл.

"Ата Жұрт" партиясының жетекшілері - Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов сот залында отыр. Бішкек, 25 қаңтар 2013 жыл.

Қырғызстанның үш қаласында жүздеген адам қамаудағы оппозицияшыл депутаттарды босатуды талап етіп, наразылық танытты.

Ең үлкен наразылық елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында болды. Жалалабад қаласында болған наразылыққа жүздеген адам жиналып, оппозиция жетекшілері қамаудан босатылмайынша тарқамайтындарын мәлімдеді.

Елдің солтүстігіндегі Қарақол қаласында болған қарсылық шарасына оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының 400-ге тарта жақтасы қатысты.

"Ата Жұрт" партиясынан парламентке сайланған депутаттар - Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов өткен жылы "қоғамдық тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталған еді. Құқық орындары олардың 2012 жылы қазанда Бішкекте 1 мыңға тарта адам қатысқан наразылық пен тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG