Accessibility links

Шабдарбаев әскери қызметтен кетті


Республикалық гвардияның бұрынғы бас қолбасшысы Амангелді Шабдарбаев.
Республикалық гвардияның бұрынғы бас қолбасшысы Амангелді Шабдарбаев.
"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен Амангелді Шабдарбаевты республикалық гвардияның қолбасшысы қызметінен босатып, орнына Мұхтар Аюбаевты тағайындады" деп хабарлайды президенттің ресми сайты.

Жарлыққа сәйкес, Мұхтар Аюбаев бұған дейін атқарған қызметі - президенттің күзет қызметінің басшылығынан босатылған.

"Амангелді Шабдарбаев гвардия қолбасшылығы мен әскери қызметтен зейнет жасына толғандықтан босатылды" делінген хабарламада.

Президенттің күзет қызметінің басшысы болып Әнуар Садықұлов тағайындалған.

Амангелді Шабдарбаев әр жылдары президенттің күзет қызметі, ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызметтер атқарған. 2006 жылдың наурызынан 2009 жылдың желтоқсанына дейін ҰҚК төрағасы болды.
XS
SM
MD
LG