Accessibility links

Венесуэлада президент сайлауы 30 күн ішінде өтеді


Венесуэланың вице-президенті Николас Мадуро.
Венесуэланың вице-президенті Николас Мадуро.
Венесуэла үкіметі президент Уго Чавестің 5 наурызда қатерлі ісік сырқатынан қайтыс болуына байланысты алдағы 30 күн ішінде президент сайлауы өтетінін хабарлады.

Жаңа президент сайланғанға дейін оның міндетін вице-президент Николас Мадуро атқара тұрады.

Уго Чавес жұма күні жерленетін болды. Венесуэла үкіметі елде жеті күнге созылатын қаралы күн жариялады. Чавесті жерлеуге дейін оның денесі салынған табыт көпшілік алдына қоштасуға қою туралы жарлық шығарды.

Елдің әскери басшылығы вице-президент пен парламентке адалдығын мәлімдеп, халықты сабырлылыққа шақырды.

Уго Чавес 2012 жылдың қазан айында президент болып қайта сайланған еді. Ал 10 қаңтарда ант қабылдауы тиіс болған. Бірақ жоғарғы сот оның денсаулығына байланысты ұлықтау рәсімін кейінге қалдырған.
XS
SM
MD
LG