Accessibility links

БҰҰ: Сириялық босқындар саны 1 миллионға жетті


БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары Антонио Гутеррес..

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары Антонио Гутеррес..

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі Сириядағы қақтығыстардан қашқан сириялықтар саны 1 миллионға жеткенін хабарлады.

Бұл туралы сәрсенбіде мәлімдеген босқындар ісі жөніндегі комиссар Антонио Гутеррес 1 миллион босқынның жартысы балалар екенін айтады. Сирияның өз ішінде босып жүрген миллиондаған адам барын алға тартқан Гутеррес Сирияның "толық күйреуге бет алды" дейді.

Гутеррес "халықаралық гуманитарлық көмектің уақытында жеткізілмей жатқанын айтып, қақтығыстарды дереу арада тоқтату қажетін айтты.

БҰҰ дерегінше, босқындар барған елдерінің азық-түлік қорына да кері әсер етіп отыр. Босқындардың көпшілігі көршілес Ливан, Иордания, Түркия, Ирак және Египетке қашып барған. Башар Асад режиміне қарсы күрес басталғалы бері елде 70 мыңнан астам опат болған.
XS
SM
MD
LG