Accessibility links

АҚШ Баграм түрмесін Ауғанстан қарауына тапсырады


Баграм түрмесі. Ауғанстан.
Баграм түрмесі. Ауғанстан.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай бүгін парламентте таяу күндері Баграм қаласындағы АҚШ-тың басқаруындағы түрме ауған үкіметінің құзырына тапсырылатынын хабарлады.

"Біздің АҚШ басқаратын түрмелерді өз қолымызға алуға бағытталған келіссөздеріміз табысты аяқталды. Келесі аптада түрме біздің қарауымызға өтеді" деді Карзай.

Түрмелерді ауған үкіметінің басқаруына өткізу - Кабул мен Вашингтон арасында біраздан даулы мәселе болып келген. Ауғанстан мұны ұлттық егемендікке тікелей қатысты мәселе деп санайды.

Өткен жылы Хамид Карзай АҚШ үкіметін түрмеде отырған үш мыңнан астам тұтқынды Ауғанстан билігінің қарауына өткізіп беру туралы келісімді бұзды деп айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG