Accessibility links

Назарбаев Чавестің қазасына көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Ресми akorda.kz сайтының хабарлауынша, Венесуэла президенті Уго Чавестің қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев вице-президент Николас Мадуроға көңіл айту жеделхатын жолдаған. Онда Назарбаевтың Уго Чавестің "мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды ерекше күйзеліспен қабылдағаны" айтылған.

"Уго Чавестің Венесуэланың жан-жақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ерекше қызметі тарихта өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі есімізде мәңгі қалатынына сенімдімін" делінген көңіл айту хатында.

Назарбаев жеделхатта Уго Чавестің отбасы мен венесуэлалықтарға "қайғыра" көңіл айтқан.

Уго Чавес 5 наурызда қатерлі ісік сырқатынан көз жұмды.
XS
SM
MD
LG