Accessibility links

Шығыс Еуропадағы төрт ел біріккен әскер құрмақ


Чехия, Венгрия, Польша және Словакия біріккен әскери күш құруға келісім жасады.

Варшавада қол қойылған келісім бойынша, 2016 жылға дейін төрт ел 3000 адамнан тұратын біріккен әскер құрмақ. Әскер төтенше жағдайлар мен бітімгершілік операцияларына қатысады.

Вышеград тобы деген атпен белгілі бұрынғы социалистік төрт ел - Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше.

Сәрсенбіде өткен саммитке Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд та қатысты. Саммитке қатысушы елдер кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады. Онда "қаржы дағдарысы жағдайында қорғанысқа қаржы аз бөлініп тұрғандықтан мемлекетаралық әскери ынтымақтастықтың маңызды екені" айтылып, НАТО мен ЕО-ны қорғаныс саласында ынтымақтасуға шақырған.
XS
SM
MD
LG