Accessibility links

Назарбаев әйелдерді 8-наурызбен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында.

Әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған "Көктем шуағы" деген кездесуінде Назарбаев қазақстандық 8 миллион әйелді мерекелерімен құттықтаған. Кездесуге түрлі салада қызмет атқаратын әйелдер шақырылған.

- Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 6 миллион бала дүниеге келді. Бұл - әйел-аналардың арқасы. Әр отбасы балалары үшін қолдан келгенін жасап бағады. Сол сияқты Қазақстан да көпұлтты отбасы ретінде болашақ ұрпақ қамы үшін жұмыс істейді, - деген.

Назарбаев бұған қоса ата-аналарды балаларына жоғары білі алу жинақтаушы есеп-шот ашып, қаржы жинауға шақырған.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, президент жиында балалардың планшеттерді үнемі, жиі пайдалануының "теріс салдары" барын да атап өткен. "Балалар қазір планшет, iPad-тарда сағаттап отырады. Бірақ оның кері салдары барын да жоққа шығара алмаймыз" деген Назарбаев.
XS
SM
MD
LG