Accessibility links

Горбачев Путинге қарата сын айтты


СССР-дың бұрынғы басшысы Михаил Горбачев.
СССР-дың бұрынғы басшысы Михаил Горбачев.
СССР-дың бұрынғы басшысы Михаил Горбачев Ресейде соңғы уақыттары қабылданған заңдарды ресейліктердің құқықтарын бұзады деп сынады.

BBC-ге берген сұхбатында Горбачев президент Владимир Путин билікке келген соң қабылданған "даулы" заңдардың көбейіп кеткеніне таңғалатынын айтқан. Ол Путинді өз халқынан "қорықпауға" шақырады.

Сұхбатта Горбачев Путиннің айналасына "ұрылар" мен "жемқорлар" жиналып алғанын келтіреді. "Егер жағдай өзгермесе, Ресей Солтүстік мұзды мұхиттағы мұз сияқты ағыспен бірге "жүзе" береді" дейді ол.

Қаңтар айында халықаралық Human Rights Watch ұйымы Владимир Путин үшінші рет президент болып сайланып, билікке келген соң постсоветтік Ресей тарихындағы ең жаман саяси қуғын-сүргін басталды деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG