Accessibility links

Шыңжаңдағы төбелесте 4 адам қаза болған


Қытай картасы. Көрнекі сурет.

Қытай картасы. Көрнекі сурет.

Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында төрт кісінің қазасына ұласқан төбелестің шығуына этникалық араздық себеп болуы мүмкін деп хабарлайды Би-би-си агенттігі.

Кейбір деректер бойынша, Корла қаласындағы төбелесте пышақталған төрт адам қаза тауып, сегізі жараланған. Әзірге бұл оқиға бойынша үкімет орындары ешқандай ақпарат берген жоқ.

2009 жылы шілдеде Шыңжаңда этникалық қытайлар мен ұйғырлар арасында қақтығыс болып, 200-ге тарта адам қаза тапқан еді. Сол оқиғадан соң қытай билігі жүздеген ұйғыр белсенділерін қудалады.
XS
SM
MD
LG