Accessibility links

Солтүстік Корея бейбіт келісімнен бас тартты


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын дүрбімен қарап тұр. 7 наурыз 2013 жыл

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын дүрбімен қарап тұр. 7 наурыз 2013 жыл

Солтүстік Корея бұған дейін Оңтүстік Кореямен арада шабуыл жасамау туралы жасаған бейбіт келісімнен біржақты түрде бас тартатынын мәлімдеді. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты қабылдаған соңғы шешіміне іле-шала ресми Пхеньян осылай жауап берді.

БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі халықаралық қауымдастықтың тыйымына қарамастан ядролық сынақ жүргізген Солтүстік Корея мемлекетіне қарсы жаңа санкциялар енгізуді бірауыздан қолдап қарар қабылдаған.

Бейсенбі күні Солтүстік Корея билігі АҚШ-қа қарсы «алдын ала» ядролық соққы беретінін айтып сес көрсеткен еді. АҚШ Солтүстік Кореяның зымырандарынан қорғануға қабілетті екендігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG