Accessibility links

Уго Чавестің денесі кесенеге қойылады


Уго Чавеспен қоштасуға келгендер марқұмның денесі жатқан салынған табыт жанында. Каракастағы әскери академияның ғимараты. 7 наурыз 2013 жыл
Уго Чавеспен қоштасуға келгендер марқұмның денесі жатқан салынған табыт жанында. Каракастағы әскери академияның ғимараты. 7 наурыз 2013 жыл
Венесуэланы 14 жыл бойы үздіксіз басқарған Уго Чавестің денесі бальзамдалып, кесене ішіндегі арнайы әйнектің астына қойылады. Бұл туралы Венесуэланың вице-президенті Николас Мадуро мәлімдеді. Оның айтуынша, Чавеспен қоштасу әлі жеті күн бойы жалғасады.

Бүгін Венесуэлада Чавеспен қоштасуға арналған мемлекеттік шара өтеді. Оған қатысуға Венесуэлаға әлемнің ондаған елінен мемлекет жетекшілері келді. Марқұмның денесі Каракастағы әскери академияның ғимаратына қойылған.

Сонымен бірге бүгін Николас Мадуро Венесуэла президентінің міндетін уақытша атқарушы ретінде ант береді. Заң бойынша, алдағы отыз күннің ішінде елде президент сайлауы өтуі тиіс.

Венесуэланың президенті 58 жастағы Уго Чавес ұзаққа созылған рак дертінен биыл наурыздың 5-і күні қайтыс болды. Соңғы екі жыл бойы ол Кубада емделген еді.
XS
SM
MD
LG