Accessibility links

Пхеньян: Ауқымды соғысқа дайындық аяқталып қалды


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын әскерилер арасында. 7 наурыз 2013 жыл.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын әскерилер арасында. 7 наурыз 2013 жыл.
Солтүстік Корея үкіметінің ресми ақпарат құралы - "Родонг Синмун" басылымы жексенбіде Пхеньянның "АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қарсы кең көлемді соғысқа дайындалып жатқанын" хабарлады. Басылымның жазуынша, армия бөлімдері, оның ішінде зымыран бөлімшелері "әскери операцияларға дайындықты аяқтауға жақын және соққы беру бұйрығын күтіп отыр".

Корей түбегіндегі жағдай қазір ушығып тұр. Өткен аптада Солтүстік Корея басшылығы Оңтүстік Кореямен қақтығысты тоқтату туралы келісімді бұзатынын және АҚШ-қа ядролық қарумен "ескертпе соққы" беретінін мәлімдеген.

9 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы өткен айдағы ядролық сынағы үшін жаңа санкциялар енгізген. Пхеньян бұған қоса 11 наурызда Оңтүстік Корея мен америкалық әскерилер бірігіп өткізетін әскери жаттығуларға да наразы.
XS
SM
MD
LG