Accessibility links

АҚШ өкілі Карзайдың пікіріне жауап берді


Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы Джозеф Дандорф.
Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы Джозеф Дандорф.
Ауғанстандағы НАТО күштерінің қолбасшысы Джозеф Дандорф Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың "Талибанның" шабуылдары халықаралық коалиция күштеріне пайдалы" деген сөзін жоққа шығарды. Генерал Дандорфтың сөзіне қарағанда, шетел әскерилері "зорлық-зомбылық пен тұрақсыздық АҚШ-қа пайдалы" деген пікір айтылуы үшін соңғы 12 жылда тым көп құрбан болған".

Таяуда 17 адам мерт болған "Талибанның" кезекті шабуылынан кейін сөйлеген Карзай жарылыстардың Вашингтонға ауғандықтарды америкалық әскерилердің елде болғаны жөн екеніне сендіре түсуіне көмектесетінін айтқан еді. Президент бұған қоса Ақ үй мен "Талибан" Катарда күн сайын кездесу өткізіп тұрады дегенді де айтқан.

Карзай бұл сөздерін АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі Чак Хагелдің Кабулға сапары қарсаңында білдірді. Хагел мен Карзайдың жексенбіге белгіленген баспасөз жиыны болмай қалды. АҚШ тарапы жиын қауіпсіздік мақсатында өтпей қалғанын айтады.
XS
SM
MD
LG