Accessibility links

Қаламқас кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты


Мұнай ұңғымасының жұмысшысы. (Көрнекі сурет)

Мұнай ұңғымасының жұмысшысы. (Көрнекі сурет)

Lada.kz сайтының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішінде мердігерлік «OSC» (Oil Service Company) компаниясының жұмысшылары айлықтарын өсіруді талап етіп, ереуілге шыққан.

Қазір жұмысшылармен кездесу үшін компания басшылары оқиға орнына кеткен.

Осындағы компаниялардың бірінде істейтін жұмысшы Серік Ізбасаров ақпаратты растап, Азаттыққа "жұмысшылардың автостанцияда" отырғанын хабарлады.

«Ереуілге қанша жұмысшы шықты?» деген сұраққа ол: «Нақты білмеймін. Шамамен 50-ден астам» деп жауап берді. Оның айтуынша, ереуіл кеше түнгі сағат үште басталған.

«OSC» - жерасты ұңғымаларына жөндеу жүргізумен айналысатын компания.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG