Accessibility links

Қазақстан БҰҰ бітімгерлік миссиясына қатысқысы келеді


Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков (оң жақта) әскерилер арасында. Алматы облысы, 4 маусым 2012 жыл.
Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков (оң жақта) әскерилер арасында. Алматы облысы, 4 маусым 2012 жыл.
Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэролин Браунмен кездесуінде айтты.

Министрліктің ресми сайтында хабарланғандай, кездесуде негізінен екі жақты әскери ынтымақтастықтың дамуы, оның ішінде НАТО күштерінің Ауғанстаннан шығарылуы, Қазақстан әскерінің БҰҰ бітімгершілік миссиясына қатысуы мәселелері талқыланған.

Әділбек Жақсыбеков әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту шеңберінде Қазақстанның БҰҰ миссияларының біріне өзінің бітімгершілік бөлімшесін қатыстыруға ниетті екенін айтқан. "Осыған байланысты қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгершілік бөлімшесін дайындап, Қазақстан азаматтарының БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысуын қарастырып жатыр" деген ол.

Кэролин Браун Қазақстан әскері бітімгершілік операцияларына қатысқан жағдайда оған барынша қолдау көрсететінін білдірген.
XS
SM
MD
LG