Accessibility links

Экология белсендісін "өлтірген" күдікті ұсталды


Табиғат" экологиялық қозғалысының белсендісі Нұрлан Өтеулиев. Тастыбұлақ ауылы, Алматы облысы. 4 наурыз 2013 жыл.

Табиғат" экологиялық қозғалысының белсендісі Нұрлан Өтеулиев. Тастыбұлақ ауылы, Алматы облысы. 4 наурыз 2013 жыл.

"Алматы маңындағы Тастыбұлақ ауылында (Қарасай ауданы) қаза тапқан экологиялық белсенді Нұрлан Өтеулиевті өлтірді деген күдікті табылды" деп хабарлады Азаттық тілшісіне Алматы облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының өкілі Салтанат Әзірбек.

Ақсай балалар ауруханасының маңындағы ағаштардың оталуына қарсы шығып жүрген белсенді, "Табиғат" экологиялық қорының мүшесі Өтеулиевтің оқ тиген өлі денесі наурыздың 10-ына қараған түні Тастыбұлақ ауылынан табылған еді.

Әзірбектің айтуына қарағанда, Өтеулиевті өлтірді деген күдікпен оның туысы ұсталған. "Туысы Өтеулиевті араларында ұзақ уақыттан бері келіспеушіліктер болған соң өлтіргенін мойындады. Екеуі бірге бизнес жасап, араларында жиі келіспеушіліктер болып тұрған. Күдікті 9 наурызда оны үйінің жанында өлтіріп, ауыл маңындағы шатқалға апарып тастаған" деді Салтанат Әзірбек.
XS
SM
MD
LG