Accessibility links

Әзербайжандық журналист 9 жылға сотталды


Әзербайжандық журналист Аваз Зейнали сот залында. Баку, 3 қазан 2012 жыл.
Әзербайжандық журналист Аваз Зейнали сот залында. Баку, 3 қазан 2012 жыл.
Баку соты әзербайжандық журналист Аваз Зейналиді пара алды деген айыппен тоғыз жылға соттады.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, тәуелсіз "Хурал" газетінің редакторы Аваз Зейналиге бұрынғы парламент депутаты Гүләр Ахмедованы бопсалады және одан пара алды деген айып тағылған. Ахмедованың өзі өткен айда тұтқындалып, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған еді.

Өткен жылдың қыркүйек айында Youtube-та Ахмедованың парламенттегі депутаттық орынды сатып алуға берілетін пара мөлшері туралы айтқаны түсірілген видео жарияланған.

Зейнали сотта өзінің кінәсін мойындамай, өзіне қарсы істі кәсіби қызметімен байланыстырды. Оның адвокаты сот үкіміне шағым беретіндерін айтады.
XS
SM
MD
LG