Accessibility links

АҚШ: Терроризмді кибер шабуыл алмастырды


АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Джеймс Клаппер.

АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Джеймс Клаппер.

АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Джеймс Клаппер "Әл-Қаида" ұйымының әлсіреп, терроризмнің орнына кибер шабуылдар мен кибер тыңшылықтың пайда болғанын мәлімдеді.

Конгрестің барлау комитетінде есеп берген Клаппер "Әл-Қаиданың" негізгі әлеуеті қатты әлсірегенін, енді ұйым АҚШ-қа соншалықты үлкен қауіп тудырмайтынын айтты. "Әл-Қаида" Батыста ауқымды, үлкен шабуылдар жасай алмайды. Бірақ соған қарамастан, ұйым АҚШ-қа қарсы соғысынан бас тартқан жоқ. "Әл-Қаиданың" кейбір аймақтардағы, оның ішінде Йемендегі қанаты АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасауды ойластырып жүр" деді Клаппер.

Ол АҚШ-қа енді үлкен қауіп терроризмнен емес, кибер шабуыл мен кибер тыңшылықтан келетінін айтады.

"Мемлекеттер мен кейбір жекелеген топтар кибер шабуыл жасауды үдетті. Олар мемлекеттік және жекеменшік секторлардан құпия ақпарат алу, ақпараттар мен контентті бақылау және қарсыласына қауіп тудыру үшін кибер шабуыл жасау технологияларын қолданады" деді ол.

АҚШ пен Ұлыбритания бұған дейін Қытай тарапынан хакерлік, кибер шабуылдардың күшейгені жайлы бірнеше рет хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG