Accessibility links

Stan.kz порталы жабылды


Сот шешімі бойынша жабылған Stan.kz сайтының скриншоты. 10 желтоқсан 2012 жыл.

Сот шешімі бойынша жабылған Stan.kz сайтының скриншоты. 10 желтоқсан 2012 жыл.

Stan.kz порталының жұмысын тоқтатып, жабылғаны туралы Азаттық тілшісіне портал журналисі Дәнеш Байболатов хабарлады.

Оның айтуынша, ,бұл шешім жайында бүгін Алматыда өткен жиында Stan Production жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бауыржан Мүсіров мәлім еткен. Байболатовтың айтуынша, порталдың жабылуына өткен жылдың соңында шыққан сот шешімі, портал жалға алып отырған кеңсеге жасалған тінту барысында порталдың барлық техникасын тәркілеп, кеңсесін жауып кеткені себеп болған.

2012 жылдың желтоқсанында оппозициялық «Взгляд» газеті, тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясы, «құрамында сегіз басылым мен 23 интернет-ресурсы бар» «Республика» жабылған еді.
XS
SM
MD
LG