Accessibility links

Ирактағы соғыс құрбандарының саны жарияланды


The Lancet журналы жариялаған дерек бойынша, Иракта 2003 жылы наурызда соғыс басталып, 2011 жылы АҚШ пен оның одақтастарының әскері шығарылғанға дейінгі аралықта 116 мың Ирак азаматы мен 4800-ден астам шетел сарбазы қаза тапқан.


АҚШ-тың медициналық мектебінің ғалымдарының зерттеуіне қарағанда, соғыстан ирактықтардың көпшілігі денсаулық сақтау жүйесі мен оның инфрақұрылымының нашарлығы салдарынан ауру, я мүгедек болып қалған. Соғыстан 5 миллион адам үйсіз қалған.

Зерттеулерге қарағанда, соғысқа қатысқан америкалық әскерилердің 31 мыңнан астамы жараланған, және сарбаздардың көпшілігі "психологиялық тұрғыдан зардап шеккен".

Вашингтон Ирактағы соғысқа 810 миллиард АҚШ долларын жұмсаған.

АҚШ-тың Иракқа қарсы соғыс ашқанына биыл 19 наурызда 10 жыл толады.
XS
SM
MD
LG