Accessibility links

Назарбаев Си Цзиньпинді құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 25 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың жаңадан сайланған төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Назарбаев Си Цзиньпинді "Қытай халық республикасының төрағасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтаған".

«Сіздің басшылығыңызбен партия Қытайды әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеретініне және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтатынына сенімдімін» деген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай - Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетіп, «екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы біздің халықтарымыздың игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталатынына кәміл сенемін» деген.
XS
SM
MD
LG