Accessibility links

Австрия Бішкекті коррупцияға қарсы ұйымға кіруге шақырды


Австрия мен Қырғызстан президенттері Хайнц Фишер (сол жақта) мен Алмазбек Атамбаевтың кездесуі. Бішкек, 14 наурыз 2013 жыл.
Австрия мен Қырғызстан президенттері Хайнц Фишер (сол жақта) мен Алмазбек Атамбаевтың кездесуі. Бішкек, 14 наурыз 2013 жыл.
Қырғызстанға ресми сапармен барған Австрия президенті Хайнц Фишер премьер-министр Жантөре Сатыбалдиевпен кездесуінде Бішкекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академияға мүше болуға шақырды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Бішкектегі кездесуінде Фишер Австрияда орналасқан бұл академияға мүше болу сыбайлас жемқорлықпен күресте Қырғызстанға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтқан. Ол елді парламенттік жүйе арқылы басқарудың өз қиыншылықтары барын да айтып, бұл жолдағы кедергілерді жоюды ұсынған.

Хайнц Фишер Қырғызстанға 14 наурызда екі күндік ресми сапармен барған. Ол - 20110 жылы Қырғызстанда билік ауысқалы бері осы елге сапар жасаған еуропалық тұңғыш мемлекет басшысы.
XS
SM
MD
LG