Accessibility links

Семей маңында көпір құлады


Ертіс өзенінің үстінен салынған көпір. Семей, (Көрнекі сурет).

Ертіс өзенінің үстінен салынған көпір. Семей, (Көрнекі сурет).

Семей қаласының Холодный ключ ауылында су тасқыны мен жаңбырдан көпір құлады деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Ағынды сулар жол жағалауын шайып, холодный ключ ауылына апаратын көпірдің бетон іргетасын бұзып өткен. Көліктер ауылға басқа жолмен баруға мәжбүр болған.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы Орынғали Исмаиловтың айтуынша, арнайы комиссия құлаған көпір аумағын қоршап, көліктерді уақытша жүргізбеу қажет деп шешкен. "Көпірмен көліктер тек су деңгейі түскен кезде ғана жүре бастайды" дейді Исмаилов.
XS
SM
MD
LG