Accessibility links

Мемлекет басшылары Папаны ұлықтауға жинала бастады


Рим папасы Франциск. Ватикан, 17 наурыз 2013 жыл.
Рим папасы Франциск. Ватикан, 17 наурыз 2013 жыл.
Рим Папасын ұлықтау рәсіміне қатысуға Римге әлем елдерінің жетекшілері келе бастады. Жаңа сайланған папа - Францискті ұлықтау рәсімі ертең Ватикандағы Әулие Петр алаңында өтеді.

Салтанатқа қатысуға Римге алғаш болып АҚШ вице-президенті Джо Байден мен Аргентина президенті Кристина Фернандес де Кришнер барды.

Ұлықтау салтанатына келеді дегендердің қатарында Германия канцлері Ангела Меркель, Испания премьер-министрі Мариано Рахой, Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозу және Зимбабве президенті Роберт Мугабе бар. Негізі, Зимбабве басшысына елдегі адам құқықтарының бұзылуы мен сайлаудағы бұрмалаушылықтарға байланысты Еуропа Одағы елдеріне кіруге тыйым салынған. Дегенмен, дипломатиялық ережелер бойынша оның Ватиканға баруына құқы бар.
XS
SM
MD
LG