Accessibility links

Ресейлік баланы асырап алған ата-ана істі болмайды


Америкалық отбасы асырап алып, кейін қайтыс болған ресейлік бала Макс Шатто (Максим Кузьмин).

Америкалық отбасы асырап алып, кейін қайтыс болған ресейлік бала Макс Шатто (Максим Кузьмин).

Техас штатының билігі осыдан екі ай бұрын қаза тапқан 3 жастағы ресейлік бала Макс Шаттоның (Максим Кузьмин) өліміне байланысты оны асырап алған отбасыға қатысты іс қозғамайтын болды. Баланың мәйітін тексерген тергеу орындары - төрт дәрігер де "ол кездейсоқ оқиғадан қайтыс болған" деген қорытынды жасады.

Ресей билігі Кузьминді асырап алған ерлі-зайыпты Алан мен Лора Шаттоны айыптап, бұл оқиғаны таяуда америкалық ата-аналардың ресейлік балаларды асырап алуына тыйым салатын заңға дәлел ретінде пайдаланған.

Қаңтар айында Кузьминді асырап алған анасы Лора Шатто баланы өз үйінің ауласында ес-түссіз жатқан жерінен тауып алғандарын хабарлаған. Алдын ала сараптама қорытындысында Максимнің денесінің бірнеше жері көгергені анықталған еді.
XS
SM
MD
LG