Accessibility links

Қытай төрағасы АҚШ қаржы министрімен кездесті


Қытайдың жаңа төрағасы Си Цзиньпин. 14 қараша 2012 жыл.
Қытайдың жаңа төрағасы Си Цзиньпин. 14 қараша 2012 жыл.
Қытайдың жаңа төрағасы Си Цзиньпин сейсенбіде Пекинде АҚШ қаржы министрі Джек Льюмен кездесті.

Кездесуде Си Қытайдың Құрама Штаттармен қарым-қатынасының маңызды екенін айтты. Лью Вашингтонның Пекинмен сауда саласындағы кедергілерді жою, қытайлық компаниялардың америкалық өнімдерді көшіріп шығаруын тоқтату саласында жұмыс істеуге бейіл екенін айтқан.

Өткен жексенбіде Қытай премьері Ли Кэцян "Вашингтонмен қарым-қатынастың жаңа түрін түзуге" уәде беріп, екі ел арасындағы кибер шабуылдарға қатысты түйткілдерді шешуге шақырған.

Өткен айда америкалық компьютер қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысатын компания АҚШ компанияларына жасалған хакерлік шабуылдарды Қытайдың құпия әскери топтары ұйымдастырды деп мәлімдеген еді. Бұл мәселені өткен аптада Барак Обама Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескенінде де айтқан.
XS
SM
MD
LG