Accessibility links

Рим Папасын ұлықтау салтанаты өтіп жатыр


Рим Папасы Францискті ұлықтау салтанаты. Ватикан, 19 наурыз 2013 жыл.

Рим Папасы Францискті ұлықтау салтанаты. Ватикан, 19 наурыз 2013 жыл.

Римдегі Әулие Петр алаңында жаңадан сайланған Рим Папасы Францискті ұлықтау рәсімі өтіп жатыр.

Франциск әуелі алаңды төбесі ашық көлікпен айналып шығып, қолдаушыларына бата берді. Ұлықтау салтанатына саясаткерлер мен діни жетекшілерді қоса алғанда бір миллионға тарта адам қатысып жатыр.

Ақпанның соңында бұған дейінгі Папа 16 Бенедикт "денсаулығына байланысты" қызметінен бас тартқан еді. Ал өткен аптада оның орнына аргентиналық кардинал (Буэнос-Айрес кардиналы) Хорхе Марио Бергольо сайланып, өзіне Франциск деген ат алған. Франциск бұрынғы понтификтер сияқты емес, барынша "қарапайым саясат" ұстанатынын айтқан.

Ұлықтау рәсіміне қатысуға келгендердің арасында АҚШ вице-президенті Джо Байден, Аргентина президенті Кристина Фернандес де Кришнер, Православие шіркеуінің жетекшісі Патриарх Варфоломей бар.

Варфоломей - христиандықтың католиктік тармағы мен православиелік тармағы бөлініп кеткен 1 мың жылдан бергі уақыттағы Папаны ұлықтау шарасына қатысып отырған алғашқы Патриарх.
XS
SM
MD
LG