Accessibility links

Украинада парламент депутаттары төбелесті


Украина парламентіндегі төбелес. Киев, 19 наурыз 2013 жыл.

Украина парламентіндегі төбелес. Киев, 19 наурыз 2013 жыл.

Украина парламентіндегі (Рада) оппозициялық "Свобода" фракциясының депутаттары коммунистік партия депутаттарымен төбелесіп қалды.

Жанжал сейсенбіде парламент отырысында коммунистер мен басқарушы "Аймақтар" партиясының депутаттары "Свободаның" жетекшісі Олег Тягнибок парламентте сөйлемесін деп талап еткен соң басталған.

Оппозициялық "Реформаларды қолдау демократиялық альянсы", "Батькившина" және "Свобода" фракциялары оппозицияшыл депутат Сергей Власенконы мандатынан айыру ұсынысына қарсылық танытып, екі апта бойы парламент мінберіне шығатын жолды жауып тастаған соң Рада жұмысын бүгін қайта бастаған еді.

Власенконы мандатынан айыру ұсынысын басқарушы "Аймақтар" партиясы көтеріп, ол 6 наурызда депутаттық қызметінен айырылған.

Оппозициялық фракциялар өткен айда да екі апта бойына парламент мінберіне ешкімді өткізбей қойған еді. Бұдан соң парламентте заңға дауыс беру кезінде депутаттардың өздері болу керектігін міндеттейтін заң қабылданған.
XS
SM
MD
LG