Accessibility links

Әміржан Қосановты ЖСДП съезіне кіргізбеді


Оппозициялық ЖСДП-ның бас хатшысы, саясаткер Әміржан Қосанов.

Оппозициялық ЖСДП-ның бас хатшысы, саясаткер Әміржан Қосанов.

Бүгін Алматыда өткен оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) 10-съезіне партия бас хатшысы Әміржан Қосановты кіргізбеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, съезден кейін брифинг өткізген ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай Қосановтың "бір жыл бойы партия жұмысына қатыспай, араласпай қойғандықтан съезге кіргізілмегенін" айтты.

Ал Әміржан Қосанов Азаттық тілшісіне мұны жоққа шығарды. Ол бір жыл бойы Тұяқбайға хабарласа алмағанын, ал съезд қарсаңында Тұяқбайдың көмекшісі хабарласып съезге келмеуін ескерткенін айтады.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, съезде партияның жаңа бағдарламасы қабылданып, партияның жастар қанаты құрылған.
XS
SM
MD
LG