Accessibility links

Оджалан жақтастарын бітімге шақырды


Абдулла Оджалан, Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі

Абдулла Оджалан, Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі

Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі, түркиялық түрмелердің бірінде жазасын өтеп жатқан Абдулла Оджалан жақтастарын Түркиямен соғыспауға шақырды. Ол күрд жасақтарының Түркия территориясынан шығарылуын жөн көретінін білдірді.

Оджаланның хаты бүгін Диярбақыр қаласында өткен Наурыз мейрамын тойлау шарасы кезінде оқылды. Қамаудағы Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі түрік билігі мен күрд көтерілісшілері арасындағы жанжалдың саяси жолмен шешілуіне мүдделі екенін жеткізді. Ол Түркияда демократиялық процесс үшін есік ашылғанын айтып, "қаруды қойып, саяси келіссөзге көшуге" үндеген.

Соңғы 29 жылда бұл екі тарап арасында болып жатқан қақтығыс кезінде 40 мың адам қаза тапқан.

Түркия, АҚШ пен Еуропа Одағы Күрдістан жұмысшы партиясын террористік ұйым деп таниды.
XS
SM
MD
LG