Accessibility links

Қазақстандық Денис Кузин әлем чемпионы атанды


Cпортшы Денис Кузин. Сочи, 22 наурыз 2013 жыл.

Cпортшы Денис Кузин. Сочи, 22 наурыз 2013 жыл.

Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан конькиден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Кузин 1000 метрді 1 минут 9,14 секундта жүгіріп өтіп, алтын медаль алды.

Күміс медальді Ванкувер олимпиадасының чемпионы Тай Бум Мо (Оңтүстік Корея) иеленді. Ал екі дүркін олимпиада чемпионы Шани Дэвис (АҚШ) қола жүлдегер атанды.

Бұл – Қазақстанның әлем чемпионатында конькиден алған алғашқы алтын медалі.
23 жастағы Денис Кузин 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен қысқы Азия ойындарында 1500 метрге жүгіру жарысында чемпион атанған еді.

Биыл Италияда өткен шаңғы спортынан әлем чемпионатында қазақстандық Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық жарыста қола жүлде алған.

Ал Канадада өткен мәнерлеп сырғанау жарысында Қазақстан спортшысы Денис Тен күміс медаль иеленді.
XS
SM
MD
LG