Accessibility links

Орыс "олигархы" Борис Березовский өлді


Ресейлік "олигарх" Борис Березовский

Ресейлік "олигарх" Борис Березовский

Қуғынға ұшыраған ресейлік миллиардер Борис Березовский 67 жасқа қарағанда Ұлыбританияда қайтыс болды.

"Олигархтың" туыстары мен арнайы өкілі оның өлімі туралы ақпаратты растады. Бірақ Березовскийдің нақты неден өлгені әлі белгісіз.

Ұлыбритания полициясы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Жергілікті БАҚ миллиардердің өлі денесі Лондон түбіндегі үйінен табылғанын хабарлады.

Борис Березовский Ресейдегі "олигарх" атанған приватизация заманының бизнесмендері ішінде ең танымалы болды.

Әуелі Кремльдің одақтасы ретінде көзге түскен миллиардер кейін Ресей президенті Владимир Путиннің қатал сыншысына айналған еді.

Березовскийге қатысты Ресейде іздеу жарияланып, ол сыртынан "қаржылық алаяқтық жасағаны үшін" сотталған болатын.

Ол Ұлыбританияға оншақты жыл бұрын қоныстанып, саяси баспанаға қол жеткізген еді.
XS
SM
MD
LG