Accessibility links

Первез Мушарраф Пәкістанға оралды


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф әуежайда тұр. Карачи, 24 наурыз 2013 жыл.

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф әуежайда тұр. Карачи, 24 наурыз 2013 жыл.

Пәкістанның бұрынғы президенті, шетелде төрт жылдан астам уақыт өмір сүрген Первез Мушарраф жаңа сайлау кампаниясына қатысу үшін 24 наурызда отанына оралды.

Карачи әуежайында оны «Бүкілпәкістандық мұсылман лигасы» басшылары мен жақтастары күтіп алды. Экс-президент 11 мамырда өтуі керек парламент сайлауын қарсаңында кампаниясын бастамақ.

Сенбі күні «Талибан» оны өлтіретінін мәлімдеді. Пәкістанда саясаткерге қылмыстық негіздегі (елдің бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның өліміне де қатысты) айыптар тағылған.

Генерал Мушарраф 1999 жылы қантөгіссіз төңкеріс арқылы билікке келген еді. Ол 2007 жылы қайтадан президент болып сайланғанымен, 2008 жылы саяси қысым әсерінен президенттіктен бас тартып, содан бері өз еркімен Лондон мен Дубайда өмір сүрген.
XS
SM
MD
LG