Accessibility links

Сталиннің "жеке вагоны" бүлінді


Горидегі "Сталин вагоны"
Горидегі "Сталин вагоны"
Грузиялық БАҚ-тың хабарлауынша, 1930-40 жылдары совет диктаторы Иосиф Сталин мінген арнайы вагон дауыл кезінде зардап шеккен. Көлік Гори қаласындағы мұражайда экспонат ретінде қойылған. Музей өкілінің айтуынша, жексенбі күні болған дауыл кезінде ғимараттың шатыры сынған. Шатырдың бір бөлігі брондалған вагонның үстіне түскен.

Вагонның ішіне кіріп тамашалап тұрған туристердің ешқайсысы зардап шекпеген. Горидегі Сталин музейі 1957 жылы ашылған. Совет билеушісі 1878 жылы осы қалада туған.

Жексенбі күнгі дауыл Грузияның басқа аймақтарын да шығынға ұшыратты. Қара теңіз бойындағы бірнеше ауданды су тасқыны басқан. Дауыл кезінде бір адам өліп, 100 мың адам электр қуатынсыз қалды.
XS
SM
MD
LG